Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Общество

«Салауатты өмір сүру» жобасы аясында семинар өтті

       

Ағымдағы жылы қазан айының 28 күні Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project management орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастыруымен Алматы қаласында  Қазақ ұлттық колледжінде, 4-курс студенттерінің арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы.

Дүкендер мен көшелерде темір қондырғылардың қасында телміріп тұрған жас балалар мен жалтақтап қараған үлкен ер адамдарды жиі байқайтын болдық. Киер  киімі мен ішер тамағынан аяған ақшасын, санаулы минуттарда-ақ мағынасыз құрылғыға салатындардың саны артқан.

Шара барысында психолог ойынға тәуелділіктің зияны туралы толық түсіндіріп, алдын алу жолдары айтты. Жастардың бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру арқылы олардың еңбек ету ынтасын аша аламыз. Студенттерге дұрыс жол көрсетіліп, бағыт-бағдар берген семинар болды.

Ұқсас жаңалықтар

Что вызывает рост молодежи в категории NEET?

admin_altyalash

ЭКСПЕРТЫ ВЫРАЗИЛИ ЕДИНОГЛАСНУЮ ПОДДЕРЖКУ НОВОМУ ПРОЕКТУ КОНСТИТУЦИИ

admin_altyalash

Восстановлены нарушенные права предпринимателей

admin_altyalash