Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бірінші байлық – денсаулық!

          Еліміздің болашағы жас ұрпақ екенін ескерсек, сол ұрпақтың денсаулығы мықты, интеллектуалды, дүниетанымы терең, білімі сапалы, адамгершілігі мол болуы біз беретін тәрбиеге байланысты. Бойын зиянды әдеттерден аулақ ұстайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу – қоғам алдында тұрған басты міндет.

          Өмір – адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізгі – оның денсаулығы. Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды, қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін, орны толмас асыл қазынасы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселенің бірі – адамның денсаулығы.

          Шылым шегу, ішімдік ішу, нашақорлық адам денсаулығына көп зиянын тигізеді. Өкінішке орай қазіргі  жастар осы жаман әдеттерге өте жақын келеді. Қазіргі таңда бұл мәселелер бүкіл халықтық проблемаға айналып отыр, сондықтан да бұған бір адам немесе бір мекеме болып көңіл аудармай, бүкіл халық болып қарау керек.

          Жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттап, спортқа баулитын шаралар жиі ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингтер.

Ұқсас жаңалықтар

ҚҰРЫЛТАЙ КЕТТІ – ҚҰРЫЛТАЙ КЕЛДІ

admin_altyalash

Сенатор бір палаталы Парламентке көшу туралы: Заң шығарушы органның өкілеттіктері жете қайта қаралды

admin_altyalash

Бас прокурор Берік Асылов елімізде жол апаты көбейгенін айтты.

admin_altyalash