Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Дерт көп, денсаулық – жалғыз!

     Ішімдікке, темекіге, есірткіге, құмар ойындарға тәуелді болу – осы күнгі жастардың басты кемшілігі. Асқақ арман мен ұшқыр қиялдың жетегінде жүретін алаңсыз жастық шағын зиянды әдеттермен улаған жас буынның болашағы кімді де болса ойландырады.

    Зиянды әдеттерге темекі, ішімдік, есірткі, уытты заттарды тұтыну, сондай-ақ ойынқұмарлыққа салыну жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда немесе әуестенгенде организм психикалық және тәндік тәуелділікке ұшырайды. Зиянды заттар мен әдеттерге тәуелді болудың барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек. Осы құбылыстың себептері белгілі болған жағдайда ғана зиянды әдеттермен күресу өз нәтижесін береді.

  Жастар арасында салауатты өмір сүру салтын насихаттап, спортқа баулитын шаралар жиі ұйымдастырылып жатыр. Соның бірі Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында «Social project mаnаgement орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен семинар-тренингтер.

Ұқсас жаңалықтар

Шығыс Қазақстан – еліміздің ең көрікті аймақтарының бірі

admin_altyalash

Алматылық әйел бір айлық сәбиін пәтерде қараусыз қалдырып кеткен

admin_altyalash

Бишімбаев ісі: ІІМ тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты

admin_altyalash