Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Общество

«Oz pikirim» диалогтық алаңы аясында кездесу өтті

2022 жылдың 22 қараша күні «Ашық алаң» жобасы аясында «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматыдағы №119 мектеп-лицейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер Дулыға Ақмолдамен және М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрынының театр әртісі  Әділет Базарбайұлымен кездесу өтті.

​          Шара «Oz pikirim» диалогтық алаңы бойынша ұйымдастырылды.  Кездесуде жастар мен спикерлер арасында ашық сұрақ-жауап болып, пікір алмасты. Аға буын жастарға ақыл-кеңес айтумен қатар, жастардың да ойы қоғам үшін аса маңызды екенін тілге тиек етті.

          Жастар өзін қоғамдық ортаға керекті санағанда бойында сенім оянып, баршаға пайдалы іспен айналысуға тырысады. Алтын уақыттарын бос өткізіп, денсаулықтарына зиянды іспен айналысудың алдын алу мақсатында жастар арасында үгіт-насихат шаралары жиі жасалып жатыр.

          Шара соңында  «Social project managment» орталығының атынан Дулыға Ақмолдаға алғыс хат тапсырылды, қатысушылармен естелік суретке түсті.

Ұқсас жаңалықтар

«Праздник со слезами на глазах»: День Победы в Казахстане прошел под знаком памяти

admin_altyalash

Задержан глава отдела строительства Уральска

admin_altyalash

Айтыскеры поддержали новую Конституцию поэтическим словом

admin_altyalash