Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Тоқаев бірнеше елшіні тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірнеше елші тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Тоқаев бірнеше елшіні тағайындады

Атап айтқанда, Данат Өмірбайұлы Мұсаев Қазақстан Республикасының Испания корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Еркін Қадырбекұлы Ахинжанов Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания корольдігі мен Андорра князьдігіндегі Төтенше және өкілетті елші, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Ұқсас жаңалықтар

Сенаторы почтили память жертв политических репрессий и голода

admin_altyalash

Мади Мырзагараев предложил сократить срок содержания под стражей без санкции суда с 72 до 48 часов

admin_altyalash

Внедрение пропорциональной системы усилит партийное развитие – эксперты

admin_altyalash