Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Үздік алты жоба

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмысын қолдауға бағытталған ректор грантына конкурс ұйымдастырды. Байқауға 22 жұмыс ұсынылып, солардың арасынан 6 жас ғалымның жобасы үздік деп танылды.

Осылардың ішіндегі ерекше бастамалардың бірі – заманауи Arduino технологиясы арқылы жасалатын «Smart ботаникалық бағы» жобасы. Жас ғалым, уни­вер­ситеттің аға оқытушысы Дархан Орынбековтің айтуынша, бақта өсімдік топырағындағы ылғал­дылықты анықтайтын құ­рылғы орнатылады.

– Ондағы көрсеткіштер ар­қы­лы бақ автоматты түрде тәу­лік ішінде бір мәрте 10-15 минут суарылады. Бұл өсімдіктің тү­рі­не де байланысты, – деді грант иегері.

Ал «Археология және эт­но­гра­фия» орталығының ғы­­лы­ми қызметкері, PhD Ислам Құр­ма­ниязов ежелгі Асанас, Қыш­қала, Арал-асар ескерт­кіштерінен табылған остео­ло­гиялық материалдарды ғы­лы­ми тұрғыдан талдап, орта­ғасырлық кезеңдегі жануар­лар әлемі мен өсімдіктер дүние­сін зерттеуді қолға алмақ. «Мә­де­ниет­тану» мамандығы бо­­йын­ша философия докторы Жарқынбек Әбікенов оңтүстік өңір тұрғындарының ком­му­ни­кациялық мәдениетіндегі үде­рістерді зерттеумен айналысады. Ғалым Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Жетісу, Алматы облыстары мен Алматы, Шымкент қалалары тұрғындарының ком­муникациялық дағдыларын назарға алуды жоспарлауда.

Гранттық жобаларды ірік­теу­де жоба тақырыбының ма­ңыз­дылығына, ашықтығына, өзек­телігіне ерекше басымдық берілді.

Қазақ ­халық­ пе­­да­­го­­­­­ги­ка­­сын­дағы дене шы­нық­ты­ру дәстүрлерін терең зерттеп, сту­­дент­терді патриот­тық тұр­ғы­дан тәрбиелеуге бағыт­талған PhD Талант Бимахановтың жобасы да конкурста қолдау тапты. Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Ербол Бекіш XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басындағы қазақтың рухани және зайырлы интеллигенциясының ағар­тушылық-педагогикалық қыз­­­метін зерттемек.

Конкурста бастауыш, орта және жоғары мектеп мұға­лім­де­рі­не арналған психо­логиялық-педагогикалық тер­мин­дердің глоссарийін үш тілде әзірлеуге арналған Жанна Ізтілеуованың жобасы да қолдауға ие болды.

Жастар жыл соңына дейін зерттеу жүргізіп, республикалық және халықаралық ғылыми ба­сы­лым­дарға мақалалар жариялайды. Үздік шыққан 6 жобаға 10 млн теңгелік сертификат табыс­тал­ды. Дәстүрлі конкурс ая­сында былтыр 4 жоба университет грантын иеленген болатын. Мұндай қолдау жастардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жаңа жобалардың жүзеге асуына жол ашпақ.

Ұқсас жаңалықтар

Қарағанды әкімдігі құны 1,1 млрд теңге болатын жер телімдерін тегін үлестірген

admin_altyalash

Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысындағы тұрғын үйдің құрылысын тексерді

admin_altyalash

АЙМАҚ БАСШЫСЫ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ МҰХТАР ҚҰЛ-МҰХАММЕДПЕН КЕЗДЕСТІ

admin_altyalash