Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы былтыр наурыз айынан бері қамауда отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оны бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тексеріп жатыр.

– “2023 жылғы 17 қаңтарда Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты”, – деді соттың баспасөз қызметінің өкілі.

Еске сала кетейік, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты “Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі” халықаралық көрмесін өткізу кезінде 146 миллион теңге қазына қаражатын жымқыру бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.

Былтыр желтоқсанда экс-шенеунікті қамауға алу мерзімі бір айға ұзарған еді.

Ұқсас жаңалықтар

СЕМЕЙДЕ САЙЛАУ ӨТТІ

admin_altyalash

Жағдай менің жіті бақылауымда

admin_altyalash

ҚазҰУ-дың 90 жылдығы – ұдайы алға жылжу және ұлы жетістікке жету жылдары болып отыр

admin_altyalash