Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Жаңа сенаторларға төсбелгілер мен куәліктер табысталды

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Президент тағайындаған сенаторларға Парламент Сенаты депутаттарының төсбелгілері мен куәліктері табысталды.

Жаңа сенаторларға төсбелгілер мен куәліктерді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров табыс етті.

«Осылайша, сіздердің Парламент Сенатының депутаттары ретіндегі өкілеттіктеріңіз ресми түрде басталды. Сіздер заң шығарушы билікті жүзеге асыратын елдің жоғары өкілді органы – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары атандыңыздар. Осы жылдың 19 наурызына тағайындалған Мәжіліске кезектен тыс сайлау өткізуге байланысты сіздер Парламент Сенатының депутаттары ретінде конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау бойынша бүкіл Парламент үшін заңнамалық функцияларды орындайсыздар», деді ОСК төрағасы.

2023 жылдың 14 қаңтарында өткен сайлау нәтижесінде Сенатқа 20 депутат сайланған еді.

Президенттің 24 қаңтардағы Жарлықтарымен тағы 10 сенатор тағайындалды, оның бесеуі – Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ұсынылған.

Ұқсас жаңалықтар

Aitu на первом заседании Совета по развитию ИИ

admin_altyalash

Президенты Казахстана и Узбекистана посетили хакатон по искусственному интеллекту

admin_altyalash

Казахстан разработал Концепцию управления всеми видами отходов на 2026–2030 годы

admin_altyalash