Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысына қатысты. Президент алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси реформаларға тоқталды. Оның айтуынша, Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды.  

«Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс.

Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен  бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек.

Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуі тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Вучич восхищён успехами спецназовцев Казахстана

admin_altyalash

Токаев госслужащим и полицейским: «Ваши знания и опыт должны служить на благо народа»

admin_altyalash

Қазақстандықтар референдумда жоғары азаматтық жауапкершілік танытты – Арғын Теміржанов

admin_altyalash