Жұмыс жас талғамайды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жұмыс жас талғамайды

27.01.2023
0
Жұмыс жас талғамайды
Бұрын ауылдағы көрші аға-көкелер көшенің ортасында жиналып, гүбір-гүбір әңгіме айтып тұрушы еді. Ол кезде екі қолға бір күректің табылуы қиын болатын. Қазіргі уақытта, жұмыс істеймін деген адамға ауылда да, қалада да жұмыс көп. Елден жырақтамай-ақ аудан төңірегіндегі зауыттар мен кәсіпорындар да жұмыс орны жетерлік. Айлық жалақылары да жоғары. Тек білікті, жауапты маман болсаңыз болғаны.

Шыны керек, ауданда әкімшілік табалдырығын тоздырып, у-шуын шығарып жүрген жандар бар. Бос жұмыс орындарын ұсынса бірі қабылдап, енді бірі ұсынған жұмысты қанағат тұтпай жататындары да кездеседі. Аудандық жұмыспен қамту орталығы әр апта ­сайын фейсбук парақшаларына бос жұмыс орындарының тізімін жариялап отырады. Ал енді жасы елуден асқан азаматтарды да жұмыспен қамту мәселесі қалай жолға қойылмақ. Өткен жылы ­ауданда 20 адам «Күміс жас» жобасы шеңберінде уақытша жұмыспен қамтылып, жалақысын субсидиялау мерзімі аяқталғаннан кейін талапқа сәйкес 4 азамат зейнеткерлікке шыққанға дейінгі мерзімге тұрақты жұмысқа орналастырылған. Сонымен қатар биылғы жылы ауданда аталған жоба аясында 42 азаматты жұмыспен қамту ­жоспарланып отыр. Жұмыс берушілерден қабылданған өтінімдерге сәйкес бос жұмыс орындарына жұмысқа жолданылатын болады.
Ағымдағы жылдан бастап «Күміс жас» жобасы аясында жасы 50-ден асқан азаматтарды жұмыспен қамту туралы заң жобасы бекітілгені жайлы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған болатын. Аталған «Күміс жас» жобасына қатысушылар контингентіне 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар енгізілетін болады. Тарқатып айтар болсақ, жобаға қатысу мерзімі 36 айға дейін ғана. Жобаға қатысушылардың жалақысы бойынша мемлекеттен бөлінетін субсидиялар мөлшері ұлғайтылған. Қазіргі таңда елімізде 50 жастан асқан 964 мыңға жуық әйел бар болса, соның 325 мыңы мүлдем жұмыс істемеген. Мемлекеттен осы азаматтар үшін 131 млрд теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде әлеуметтік қызмет орындары да бар. Көпбалалы отбасыларға, әлжуаз азаматтарға арналған гранттар да қарастырылған.
Иә, елімізде жұмыс орындары көп. Дегенмен жасы елуді еңсерген жұмыссыз азаматтардың жұмыс ­табуы қиын. Бұған олардың екі қолға бір күрек таба алмай, талай мекеменің табалдырығын тоздырып жүргені дәлел. Себебі жұмыс беруші егде жастағыны емес, жастарды жұмысқа қабылдағанды жөн көреді.
Өткен аптада өңірлік коммуникациялар қызметінде басқарма басшысы Ғабит Жаңабаев «Қазіргі уақытта «Күміс жас» жобасына өзгерістер енгізілуде. Яғни аталған жобаға 50 ­жастан асқан әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік қарастырылып, субсидиялау көлемі жұмыс беруші мен келіскен жалақының бірінші жылы 70 процентін, екінші жылы 65, үшінші жылы 60 процентін өтейді. Содан кейін тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. Жалпы биыл жұмыссыздық деңгейін 4,8 процентке, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9 процентке төмендету жоспарлануда» деген болатын.
Дархан Байтілес
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қымбатшылық қайда апарады?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«МЕН БАНКРОТПЫН» ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ?

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.