Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Шымбұлақта өрт шықты (фото)

Бүгін, 29 қаңтарда таңертең Шымбұлақ тау шаңғысы курортының аумағындағы мекемелердің бірінде өрт шықты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған zamandas.kz Ведомствоның мәліметінше, үш қабатты мейрамханада өрт бүгін сағат 5:30-да басталған. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт аумағы 800 шаршы метрді құраған. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, арнайы өрт сөндіру техникасы кіретін жолдардың болмауына байланысты өрт ішкі өрт крандары арқылы сөндірілді. Шымбұлақта өрт.Шымбұлақта өрт Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі Тілсіз жау сағат 08:05-те өрт локализацияланып, 8:30-да толығымен жойылғаны ерекше атап өтілді. Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Ведомствоның хабарлауынша, Шымбұлақ аумағындағы өртті сөндіруге қар генераторы пайдаланылды. Министрлік оқиғаға қатысты толығырақ ақпарат кейінірек жарияланатынын айта кетті.

Автор: Бек Айдар

Ұқсас жаңалықтар

Қарулы күштердің әскери қызметшілері жалпы қалалық сенбілікке белсенді қатысты

admin_altyalash

Бүгін – әз Наурыз мерекесі

admin_altyalash

Маңғыстауда далалы алқап ерекше күйге енді

admin_altyalash