Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Ақтөбедегі демалыс базаларының бірінің аумағында қармен жүретін көлік бірнеше адамды қағып, нәтижесінде адам өлімі орын алды, деп хабарлайды zamahdas.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

28 қаңтарда сағат 15.30-да “Тау” демалыс базасының аумағында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала Lynx маркалы қарда жүретін көлікті басқара отырып, жабдықталған қарлы тау аймағында тұрған адамдар тобына соқтығысты.

қармен жүретін көлік

“Оқиға салдарынан 40 жастағы әйел көз жұмды, 49 жастағы ер адам және бес кәмелетке толмаған бала, олардың арасында бір жасар бала жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті тергеу жүргізуде”, – делінген хабарламада.

 

Ұқсас жаңалықтар

QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда

admin_altyalash

Алан Құрманғалиев Катардағы халықаралық турнирде екі қола медаль жеңіп алды

admin_altyalash

Үйінді астынан құтқарушылардың автобусы табылды

admin_altyalash