Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарҚоғам

Үйінді астынан құтқарушылардың автобусы табылды

фото: Павлодар облысының әкімдігі

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр

Кеше кешкісін қазба жұмыстары кезінде құтқарушылардың автобусы табылды. Ауа-райының қолайсыздығына (жаңбыр мен жел) және топырақтың құлау қаупінің сақталуына байланысты жұмыстар аса сақтықпен жүргізіліп жатыр, деп мәлімдеді Павлодар облысының әкімдігі.

Бүгін таңғы сағат 05.00-ден бастап іздестіру жұмыстары қайта жанданды. Қазіргі уақытта көліктің алдыңғы бөлігіне дейін жету мүмкін болып, бампері мен доңғалағы көрінді, – деп толықтырды ведомство.

«55 жастағы төртінші құтқарушы, жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі әлі табылған жоқ. Жақын арада іздестіру жұмыстары нәтиже береді деген үміттеміз», – деп түйіндеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

«МАЙҚАЙЫҢ-АЛТЫНДАҒЫ» АПАТ

Айта кетсек, 2024 жылдың 4 қаңтарында «Майқайыңалтын» АҚ шахтасында 4 құтқарушы мінген автобус опырылған топырақтың астына құлады. 2 адамның мәйіті жер бетіне шығарылды, тағы 2 құтқарушыны іздестіру жұмыстары қайта жанданған. Жуырда бір құтқарушының денесі табылған еді.

Апатқа ұшырағандардың отбасыларына 4,5 млн теңгеден төленді.

26 қаңтарда «Майқайың-алтын» АҚ аумағындағы апатты тергеу жөніндегі комиссия жұмысының нәтижесі жарияланды. Соған сәйкес, комиссия 7 жауапты адамды анықтады.

Олардың әрекеттері салдарынан топтық жазатайым оқиға болды, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратта.

Комиссия 4-24 қаңтар аралығында тергеу жүргізді.

Тергеуге 4 сараптамалық ұйым, оның ішінде Ресей сарапшысын тартып, алтын өндіруші кәсіпорынның куәгерлері мен лауазымды тұлғаларына сауалнама жүргізді. Сонымен қатар комиссия шахтаға түсіп, оқиға орнын зерттеген.

Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша апаттың себептері:

  • жұмыс өндірісін дұрыс ұйымдастырмау;
  • «Майқайыңалтын» АҚ жауапты тұлғалары тарапынан тау-кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуіне өндірістік бақылау тиісті түрде жүзеге асырылмағаны;
  • блоктарды өңдеу кезінде қазбалардан құлау процесін бақылау тиісінше жүзеге асырылмағаны.

Сонымен қатар бұл бос орындарға тиісті бақылау жүргізілмеген. Ал тау массасы кенеттен опырылып түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда

admin_altyalash

Қаржаубай Сартқожаұлы: «Номад» деген кезбе, тұрақты мекені жоқ, бейшара халық»

admin_altyalash

Балуандардың жолын ашып бердік – Ризабек Айтмұханның әкесі Қанат Жолдасбай.«Әке, біз соңына дейін жүреміз. Кем дегенде әлем чемпионы боламыз» деп айтқаны әлі есімде, – деді ол

admin_altyalash