Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Ерлан Қарин: жаңа Конституциялық заңдар саяси жаңғыру үдерісін жалғастыру үшін жүйелі құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді

Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар бірінші оқылымда үш заң жобасын қарады:

8 бөлім мен 43 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы.
12 бөлім мен 60 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның жаңа редакциясы.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы.

Ұсынылып отырған өзгерістер:
– қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституцияға бейімдеуге,
– мемлекеттік-саяси модельді институционалдық жаңғыртуға,
– саяси жаңғырудың келесі кезеңіне арналған жүйелі құқықтық негіз қалыптастыруға бағытталған.

Заңнаманы үйлестіру үдерісі мен алдағы Құрылтай сайлауы Әділетті Қазақстанның конституциялық қағидаттары мен құндылықтарына негізделген ел дамуының жаңа кезеңінің басталуын білдіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Олардың бойына сіңген құндылықтар – құрмет, жауапкершілік, парыз сезімі – үш бауырды бір сапқа алып келді

admin_altyalash

ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҚАЛАЙ КӨТЕРІЛЕДІ

admin_altyalash

Өркендеген қоғамның негізі – үлкенге құрмет, болашақ ұрпаққа қамқорлық және отбасылық қатынастағы үйлесім болып табылады

admin_altyalash