10 мыңнан астам адам банкроттық туралы заң бойынша көмек алуға өтініш берді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
Е. Біржанов банкроттық рәсімін 1,1 миллион адам пайдалана алатынын атап өтті. Оның айтуынша, банкроттық туралы жариялау әркімнің өз таңдауы. Бұл ретте ел азаматтары ақылмен шешім қабылдау керек. Мұндай шешім қабылдаған жағдайда борышкер бес жыл несие ала алмайды, өйткені ол жеті жыл банкроттар тізімінде тұрады.
Айта кетейік 25 күн ішінде 10 мыңнан астам адам өтініш білдірген. 2023 жылдың 3 наурызында өтінімдерді қабылдау басталады.
Гүлшахра САНСЫЗБАЙ