Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды

30.01.2023
0
Қазақстанда ауасы ең лас қала аталды

Экологиялық әл-ауқат пен қоршаған ортаны қорғау әлемнің көптеген елдерінің басты міндеттерінің бірі. 155 мемлекет өз азаматтарының ұлттық заңнамаға немесе адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясындағы халықаралық келісімдерге сәйкес салауатты ортада өмір сүруге құқығы бар екенін мәлімдеді.

Осыған қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі жалпы өлім-жітімнің 23 пайызын ауаның, судың ластануы және химиялық заттардың әсер етуі секілді экологиялық қауіптермен байланыстырады.

Бүгінде экологиялық мәселелер Қазақстанда да өзекті болып отыр. Соңғы 5 жылда, яғни 2018-2022 жылдар аралығында Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында атмосфералық ауаның ластануы қалыпты деңгейден жоғары екені байқалған. Ал Астанада ауа қыс мезгілінде көбірек ластанады. Бұған жылу электр станциялары мен жеке жылыту секторларының қарқынды жұмыс істеуі себеп болған.

Қазақстанда ауасы ең лас қала – Қарағанды. Атмосфералық ауаның ластануына жылу электр станциялары мен жеке жылыту секторларынан шығатын түтін мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың ауаны ластайтын қалдықтары әсер етеді.

Теміртауда өнеркәсіптік және металлургиялық кәсіпорындар мен қысқы-жылу электр станциялары бар болғандықтан ауа барлық маусымда ластанып тұрады.

Ал Ақтау, Алматы, Жезқазған, Қостанай, Түркістан, Теміртау, Петропавл, Өскемен қалаларының ауасы 50 пайызға дейін ластанған болса, Ақсай, Ақтөбе, Балқаш, Жаңаөзен, Жаңатас, Көкшетау, Павлодар, Риддер, Рудный, Сәтпаев, Семей, Талдықорган, Тараз, Орал, Шу, Шымкент, Бурабай қалалары 20 пайызға дейін ластанған. Ал Ақсу, Алтай, Аркалық, Атбасар, Атырау, Әуезов, Аягөз, Екібастұз, Қаратау, Кентау, Құлсары, Қызылорда, Саран, Степногорск, Талғар елді мекендерінде ауа ең таза болып шықты.

Осындай экологиялық проблемалар жағдайында кез-келген мемлекет қоршаған ортаны қорғау үшін айтарлықтай инвестицияларды қажет етеді. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2018 жылдан 2021 жылға дейін осы бағыттағы инвестициялар көлемі біршама өскен, ал 2022 жылы көрсеткіштер айтарлықтай төмендеп кеткен. Мәселен, 2022 жылғы қаңтар-желтоқсан қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғауға бағытталған күрделі салымдар 80,6 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 50,8 пайызға аз. Жалпы алғанда, соңғы 5 жылда (2018-2022 жж) инвестиция көлемі 600 млрд теңгені құраса, алдыңғы бесжылдық кезеңде бұл көрсеткіш 235,9 млрд теңгеге төмендеген.

Сонымен бірге кейбір квазимемлекеттік және жеке сектор субъектілері экологиялық мәселелерді кәсіпорындарды басқарудың стратегиялық деңгейіне шығарды. Қоршаған ортаны қорғауда еліміздің тау-кен өндіруші компаниялары, атап айтқанда, Қазақстан экономикасы үшін басым маңызы бар мұнай-газ секторының алыптары ерекше рөл атқарады. Мәселен, еліміздің алғашқы және ірі мұнай-газ өндіруші компанияларының бірі Теңізшевройл (ТШО) компаниясы 2000 жылдан бері табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға 3,15 миллиард доллардан астам инвестиция салған.

Соңғы 20 жылда ТШО мұнай өндіруді 2,6 есе ұлғайта отырып, ауаны ластайтын зиянды заттардың шығарылуын 65 пайызға төмендеткен. Бұл нәтижеге ірі жобаларға инвестиция салу арқылы қол жеткізілген.

Қалалардағы ауа сапасы мәселесіне қайта оралсақ, Қазгидрометтің деректері бойынша Атырау облысының Құлсары мен Атырау қалалары – ластану деңгейі ең төмен аймақтар.

Айтолған ЖҮНІСХАН,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстандық профессор әлемдегі ең беделді ғалым атанды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Жылды қорытындылады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.