Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтары

Министр жаңбыр басылған соң Түркістанға барып, жиын өткізді

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысында су басу мәселелері бойынша жедел кеңес өткізді. Жағдайдың күрделенуіне жол бермеу және оның салдарымен жедел күресуге тапсырма берді. Бұл туралы Aikyn.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Бірлескен күшпен Майдантал ауылын тасқын судан сақтап қалды. Құтқарушылар мен ЖАО тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.  Облыста 200-ден астам адам мен 800-ге жуық ірі қара мал эвакуацияланды. Инертті материалдары бар 13 мыңнан астам қап төселді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Түркістан облысында жаңбыр тоқтады. Алайда өзендерде су тасып жатыр.

Кеше Түркістан облысында бірнеше ауданда су тасыды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысына барады деп ресми хабарлады.

Бұған дейін тасқын судың ортасында қалған жүкті әйел мен баланы әкім беліне арқан байлап алып шыққаны туралы  жазған болатынбыз.

Ұқсас жаңалықтар

«Бәрі өтірік»: Шымкентте үйінді астында қалған жігіттің өліміне қатысты тың дерек шықты

admin_altyalash

Семей мен Сыр елі – қазақтың елдігі мен мемлекеттілігінің алтын бесігіне айналған қос шаңырақ

admin_altyalash

Тас жолдағы трагедия азаймай тұр

admin_altyalash