Ізденімпаз студент мақсатына жетті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ізденімпаз студент мақсатына жетті

06.02.2023
0
Ізденімпаз студент мақсатына жетті

Қазіргі заманның жастары ізденгіш, білмеген дүниесін білсем, көрмеген нәрсесін көрсем деп талаптанып тұрады. Міне, сондай ізденгіш, талапты жастың бірі – отандық білім ордасының алтын діңгегіне айналған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2022 жылғы түлегі Қаракөз Есенбекова.

Қара шаңырақта білім нәрімен сусындап, білікті ұстаздардан білім алған талапты студентіміз бүгінде өз университетіміздің магистранты. Түркістан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген Қаракөз 2018 жылы мектепті «алтын белгіге» бітірген соң еш ойланбастан педагог болуды армандап, мұғалімдік жолды таңдаған екен. Педагогикалық білім алу – оның жолына кең өріс ашатынын ұғынған. Сөйтіп, әсем қала – Алматыға жол тартып, Абай университетінің биология мамандығына құжат тапсырып грантқа түскен.

Ол бірінші курстан бастап өз айналасына шығармашылық орта қалыптастыруға күш салды, университеттегі көптеген іс-шараларға қатысып, белсенді болуға тырысты. Ізденген адам мұратқа жететінін, жалқаудың кері кететінін әке-шешесінен алған өнегесі. Төрт жыл оқу барысында оқу орнында ұйымдастырылатын конференциялар мен жобаларға қатысып бағын сынады. Әлбетте, білмекке құштарлық өз жемісін берді де.

Қаракөз аз уақыттың ішінде көптеген табыстарға қол жеткізді. Атап айтқанда, студенттер мен магистранттардың жыл сайынғы өтетін дәстүрлі ғылыми конференцияларында бірнеше жыл қатарынан (2018, 2019, 2020 ж.) 1-орын иеленсе, өзінің белсенділігі және білімі арқасында жыл сайынғы мемлекет тарапынан үздік студенттер үшін тағайындалатын президенттік шәкіртақыға да ие болды. «Өзіңді өзгерту керек. Бір орында тұрып қалмау қажет» деген қағидатты ұстанатын жас талап өз мамандығы бойынша ғылыми мақалалар жазып, оны түрлі басылымдарға жариялап отырды. Мысалы, «Оқу үдерісіндегі кері байланыстың тиімділігі», «Абай философиясындағы толық адам концепциясы», «Қазақстанның болашағы – дарынды жастар!» атты мақалалары әртүрлі басылымдарда жарық көрсе, «Орта мектепте «STEM» технологиясын қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру» деген тағы бір жазбасы ғылыми жинаққа еніп, мамандар тарапынан қызу талқыға түскен болатын.

Ізденімпаз студент мақсатына жетті

Айта берсек, Қаракөздің қол жеткізген жетістіктері аз емес. Үздік студенттер арасындағы байқауларда сан мәрте топ жарды. 2019 жылы «Абай университетінің ең үздік студенті» атанды. Сонымен қатар ол «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Қазақстан жастарының 100 жаңа есімі» республикалық байқаудың жеңімпазы, университет қабырғасында ұйымдастырылған «Ғылым декадасы» конкурсының 2 орын иегері. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай шығарылған арнайы жинаққа шығармасы енген. Студенттер арасындағы UNITIMES журналының бас редакторы қызметін атқарғанын айтып өтсек артық емес. Университет жанынан құрылған «Атамекен» дебат клубының белді мүшесі, «Үздік пікірсайысшы», «Үздік төреші» номинацияларымен мараптталған. Алматы қаласында Радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институтының 20 жылдық мерейтойына орай «Патриот» ҒДК ұйымдастыруымен иниститут басшылығының кубогі үшін өткізілген турнирде, Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінде өткен «QORQYT ATA CUP» республикалық турнирінде 3 орынға ие болса, ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Павлодар қаласындағы С. Торайғыров атындағы университетінің ұйымдастыруымен өткен «Tou-open to New» республикалық турнирінің 2 орын және арнайы сыйақы иегері атанды. Өскемен қаласыдағы С.Аманжолов университеті ұйымдастырған «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» атты республикалық турнирінде ең үздік пікірсайысшы номинациясын жеңіп алған.
Қаракөз Есенбекова 2022 жылы Абай университетін «қызыл дипломға» бітірді. Қазіргі таңда осы оқу орнының 1 курс магистранты, университетіміздегі ғылыми кеңес мүшесі.

«Ұстаздарымның бәрін мақтан тұтамын. Оларды бөліп-жарғым келмейді. Өйткені, адам баласы кез-келген сәтте өзгеруі мүмкін. Жалпы ұстазға ұстаным, шәкіртке мейірім керек екенін естен шығармау керек. Былтыр 150 жылдығы тойланған ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына мейірім құя алады» дегенін әрдайым көкейімде ұстап жүремін. Әр білім алушы өзінің туған топырағын, мөлдір таза суын, ата-бабасы мекен еткен жерін құрметтеп, елінің патриот азаматы болып өсуі керек. Ал, бұл ұғымдарды шәкірт бойына терең сіңіру үшін ұстаздарға талмай жұмыс істегені абзал», – деді талапты жас.

Біз де Қаракөздің сөзіне қосыла отырып, студентімізге алдағы уақытта үлкен жетістіктер мен табыстар тілейміз!

Болат Жұмынұлы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қауіпке тосқауыл қажет

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.