Жол апатынан зардап шеккендер арасында 7 жасар қыз бар. Бұл туралы Aikyn.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
6 ақпанда Павлодар-Қызылорда автожолының 244-шақырымында, Қарағанды облысының шекарасындағы Марғұлан ауылының маңында Mercedes көлігінің 43 жастағы жүргізушісі басып озу кезінде қарсы жолаққа шығып, Lexus көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Павлодар тұрғындары – Mercedes автокөлігінің жүргізушісі мен 75 жастағы жолаушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Mercedes-тің өзге екі жолаушысы – 48 жастағы әйел мен оның 7 жасар қызы және Lexus-ты тізгіндеген 36 жастағы қарағандылық тұрғын түрлі жарақаттармен Екібастұз ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.