Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Алматыдан жолға шықты. Алапат жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға аттанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Борт бірінші кезекте Газиантеп қаласына барады.
Жасақ құрамында Қазақстан ТЖМ құтқарушылары, кинологиялық есептер және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері бар.
ТЖМ құтқарушыларының иелігінде құтқарушы құрал-жабдықтары: гидравликалық және пневматикалық жабдықтар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.
Құтқару жұмысын жүргізуде көпжылдық тәжірибесі бар құтқарушыларда қажетті жабдықтар бар.
Түркияның жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны әлі де көбейіп жатыр.