Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті, – деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
«Қазіргі уақытта жабдықтар мен жеке құрамды түсіру жұмыстары жүргізілуде. Осыдан кейін жаңадан келген құтқарушылар үшін іздестіру-құтқару жұмыстарына арналған учаскелер айқындалатын болады» делінген хабарламада.
Осыған дейін қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияға баратыны хабарланды.
Екінші топ құрамында 60 адам, олардың ішінде ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологиялық есептер бар.