“Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқара ма?”: Премьер-министр жауап берді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Маусым 17, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

“Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқара ма?”: Премьер-министр жауап берді

08.02.2023
0
“Әйелдердің зейнет жасы әр бала туған сайын қысқара ма?”: Премьер-министр жауап берді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов әйелдердің зейнетке шығу жасын әр бала туған сайын 2 жылға қысқарту туралы депутаттардың ұсынысына жауап берді, – деп хабарлады Halyq Uni.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстанда базалық, ынтымақты және жинақтаушы зейнетақы компоненттерін қамтитын 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді.

«Оның мөлшері еңбек өтіліне байланысты айқындалады. Сондай-ақ әйелдер үшін олардың жұмыс ерекшеліктерін ескеріп, еңбек өтілін есептеуде жеңілдіктер қарастырылады. Мысалы, зейнетақы төлемін тағайындау барысында әйелдердің еңбек өтіліне бала күтіміне байланысты аналардың жұмыс істемеген уақыты да есепке алынады. Сонымен қатар, бала күтіміне байланысты демалыстағы жұмыс істейтін әйелдердің жинақтаушы зейнетақы жүйесіне үздіксіз қатысуын қамтамасыз ету үшін 2014 жылдан бері республикалық бюджеттен міндетті зейнетақы жарнасын субсидиялау жүргізіледі», – деп жазылған Әлихан Смайыловтың жауабында.

Ол президент тапсырмасына сәйкес, биылдан бастап бала күтіміне берілетін жәрдемақы 1,5 жылға дейін ұзартылғанын атап өтті.

– Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қолданысы кезінде әйелдер үшін зейнетке шығу жасын әр бала үшін 2 жылға қысқарту оларды болашақта лайықты зейнетақы төлемімен қамтамасыз ете алмайды. Бұған қоса, мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын арттыру 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде тоқтатылды. Жалпы зейнетақы жүйесін жетілдіру жұмысы жалғасып жатыр және ол өкілетті орган мен Үкіметтің тұрақты бақылауында, – деді Әлихан Смайылов.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстандық құтқарушылардың екінші тобы Түркияның Газиантеп қаласына жетті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мұстафа Өзтүріктің туыстары үйінді астында қалған: Түркияда қаза тапқандар саны 10 мыңға жуықтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.