БРЕНДТІ ӨНІМДЕРГЕ БЕТ БҰРУ КЕРЕК – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

БРЕНДТІ ӨНІМДЕРГЕ БЕТ БҰРУ КЕРЕК

09.02.2023
0
БРЕНДТІ ӨНІМДЕРГЕ БЕТ БҰРУ КЕРЕК
Өткен жылы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аудан тұрғындарына бақша дақылдарын егумен айналысуға 5 мың гектар жер үлестіріп беру жайлы тапсырма берген еді.

Осыған сәйкес биыл ауданда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және азық-түлік импортын азайту мақсатында әр отбасы өзін-өзі қажетті өнімдермен жабдықтау үшін шаруашылық құрылымдары жер телімдерін дайындап бермек. Яғни ауылдық округтерден 1350 гектар жер егін егуші 1227 азаматқа үлестірілетін болады. Сонымен қатар өткен жылы кент ардагерлеріне «Иіркөл» ауылдық округінен 8,9 гектар жер дайындалып, егін егуге берілген.
Айта кетейік, облыс бойынша 19,724 гектар жерге картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыру жоспарланған болса, соның ішінде 5405 гектары яғни, 27 проценті Шиелі ауданының үлесінде. Сондай-ақ биыл суды үнемдеу үшін тамшылатып суғару әдісімен егілген көкөніс, бақша дақылдарын 400 гектарға дейін ұлғайту жоспарланған. Бүгінде 17 тұлғадан 8 000 гектар жайылымдық жер мемлекетке қайтарылған.
Өткен жылы ауданда барлығы 30074, 4 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылы орналастырылған. Орта есеппен әр гектардан 55 центнер өнім жиналған. Ал биылғы жылдың ­жоспары бойынша 30,538 гектар жерге егін орналастырылмақ. Атап айтқанда, күздік бидай – 1 650, жаздық бидай – 447, тары – 240, дән жүгері – 173, мақсары – 1 288, соя – 10 гектар, жаңа жоңышқа – 3 410, ескі жоңышқа – 5 578, мал жемдік асқабақ – 194, жемдік жүгері – 95, сондай-ақ картоп – 1 200, көкөнiс – 1 805 және 2 400 гектарға бақша дақылдары егіледі деп жоспарлануда. Негізгі дақыл күріштің жалпы үлесі – 12 025 гектарды құрап отыр.
Шиелінің төл өнімдерін облыс аумағынан бөлек, республика халқы жақсы біледі. Оған мысал, Ақмаяның қауын-қарбызы, Бестам мен Тұрсынбай Датқаның картобы, Ортақшылдың тарысы мен талқанына сырттағы ағайыннан сұраныс жоғары.
Көктемнің алғашқы айлары өтсе болды, вокзал мен орталық базарға арысы Ташкент, берісі Жайылманың қауын-қарбызы бірінші келеді. Көп ұзамай өзіміздің саржау мен әміре, торламалар төбе көрсетіп, сырттан келген бақша өнімінің орынын алмастырады. Оның үстіне Шиелі өңірінің топырағы құнарлы болғандықтан қарбыздың қабығы да қалың келеді. Сол себепті бұл маңда өсірілген өнім дәмділігімен қатар сақтауға шыдамды болып келеді. Шыдамды болған соң, алыс аймаққа тасымалдауға да ыңғайлы. Бүгінде Шиеліден шыққан өнімдер тек ел аумағында ғана емес, Ресей мен Қырғызстан мемлекеттеріне жөнелтіліп отырады.
P.S.: Десе де, әттеген-ай дейтін мәселе де жоқ емес. Өзімізден шығып жатқан брендке айналар тауарлар да, өнімдер де жетерлік. Ортақшылдың тарысы мен талқаны, қауын құрт тағы басқа өнімдердің сыртын қаптап, Шиелінің ­атауымен аталатын қалта, қорапшаларға салып, өзіміздің өнімдерді неге брендке айналдырмасқа. Жалпы біздің айтпағымыз ауданнан шыққан өнімдер бренд болып, аяғы трендке айналса дейміз.

Дархан БАЙТІЛЕС

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ауылдың қадірін арттыратын кадр қайда?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.