Көзге оттай басылған маңдайшадағы тақырыпқа қарап, махаббат жайында көсіледі деп ойлап қалмаңыз. Керісінше, күн тәртібінен түспей тұрған оқушылардың жүріс-тұрысы, киім үлгісі мен әдебі қалам ұшына ілікпек. Айтпағымыз түсінікті болуы үшін толығырақ тарқатайық.
Осыдан 10 жылға кері шегініп көрейікші. Содан соң, сол кездегі оқушылардың образын көз алдымызға елестетейік. Қос бұрымға жарасқан ақ бантик, ақ фартук немесе тізеден төмен түсетін белдемше оқушылардың оқушы екенін айқындап тұратын еді. Талап та, тәртіп те күшті болатын. Оған дәлел әр дүйсенбі сайын 1-11-сынып оқушылары сап түзеп, жиын (линейка) өткізетін. Онда апта бойы кеткен кемшілік көпшіліктің көзінше айтылып, сынға алынатын. Кезекші болған сынып сабақтан кешіккен, тырнағы мен шашы өскен, бантик тақпаған, екілік алған оқушылардың тізімін тізбектей жазып жүретін. Аптасына 2 рет мектеп оқушыларының тазалығын, формасын тексеретін-ді. Қала берді аптасына 1 рет қыздар жиналысы өтіп, онда қыздың ар-ұяты мен абыройы, тектілігі турасында сөз қозғалатын. Мектеп мұғалімі ортаға шығып: «Кімде-кім тізеден жоғары белдемше киіп, шашын жайып білім аламын деп мектепке келсе, ол адамға білім есігі жабылады. Сонымен қатар қыз балалар биік өкшелі аяқ киім киіп келсеңіздер, сіздерге басқаша жаза қолданатын боламыз. «Қыздар жиынында» бұл мәселе ата-аналарыңыздың алдында қаралатын болады. Ұстаздар қауымы әрбір оқушының тәртібі мен үстіне киген киіміне сіздер жауап бересіздер» дейтін еді. Мұғалімнің осы бірауыз сөзі қанша жыл өтсе де біздің есімізде әлі күнге дейін сақталып қалыпты. Сол сәт кеше ғана болғандай. Ол кезде ұстаз беделі осындайымен де биік болатын. Ал қазір ұстаз қайсы, оқушы қайсы, ажырата алмайтын күйге ендік. Неге?

ЕТЕГІ ҚЫСҚАҒА ЕКІНІҢ БІРІ ҚҰМАР
Еңсеміз төмен түсіп тұрып амалсыздан айтуға мәжбүрміз. Алайда айтпасаң сөздің атасы өледі емес пе? Несін жасырамыз? Бүгінде мектепке тәртіпке бағынып, ережені сақтап, соған сай киініп жүрген оқушыны кезіктіру қиын. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Дегенмен, қазіргі таңда мұғалім мен оқушыны ажырату тіпті қиын. Классикалық үлгідегі киімнің өзі көңіл көншітпейді. Ұлдар кәрістің үлгісіне еліктеп әлектенсе, қыздардан тіпті ұят кеткен бе дерсің. Мәселен, оқушы қыздар қазір мектепке емес, құдды бір мерекелік кешке бара жатқандай сыланып сыйпанады. Шаш өрімі былай тұрсын, шашты да жинамайды қазір. Қып-қызыл опа-далаппен мектеп табалдырығына бара беру де қыздар үшін таңсық емес. Бірақ олар «Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар, оқылық» деп маңдайшасында жазылған киелі ордаға бара жатқандарын өздері де сезінбейтін сыңайлы. Ал олардың үстіне ілген киімдерін айту үшін терең тыныстап алу керек. Тізенің үстінен келмек түгілі қыз баланың санын жабуға да жетпейтін алақандай матаны олар белдемше (юбка) деп киеді. Оларға қарау үшін көзіңіздің ұяты жібермейді. Енді айтылған ойды өзіңіз салмақтай беріңіз. Бұғанасы бекімеген мектеп оқушыларының арасындағы түрлі жағдайларды көз көріп, құлақ естіп жүр. Тереңіне үңіліп қарайтын болсақ, мұның барлығы мектеп жасындағы балалардың киімінен басталып тұр. Неге дейсіз ғой? Себебі мектеп жасындағы балалар өтпелі кезеңде жүреді. Әсіресе, 10-11 сынып оқушылары. Оларда мұндай уақытта жыныстық гормондар дамитыны белгілі. Ал енді іштей бағамдай беріңіз. Етегі қысқа оқушы қызға жоғары сыныптың, өз сыныптас достарының көзі түсетін анық емес пе? Арғысы айтпаса да түсінікті шығар… Иә, мектептегі қыздың етегі жабылмаса, ерте жүктіліктің белең алатыны анық. Ал бұған кім кінәлі?

Жаздай демалған баласын ата-анасы қолынан жетектеп, базарға алып барады. «Маған мынандай киім ұнайды. Елдің бәрі киіп жүр ғой. Оны кигім келмейді» дегеніне көніп, тыртиған киімге маңдай термен тапқан қып-қызыл ақшаны төлейді. Саудагердің міндеті – тауарын өткізу. Қалғаны әркімнің өз таңдауы. Су жаңа киімді киіп алған қызына: «Мына киім саған құйып қойғандай. Өте жарасып тұр. Менің қызым сондай әдемі болып кетті. Енді сабаққа дайынсың» деп одан әрі дем береді. Олар оны білім алуға емес, көшедегі сансыз жігіттің көзіне түсірудің алғашқы қадамын жасап жатқандарын қаперіне де алмайды. Ол туралы, тіпті, ойланбайды да. Кейін: «Мама, маған опа, далап және әтір керек» деп қыздары қыңқ етсе, тілегенін іздетпей-ақ тауып береді. Қысқасы, не ішемін, не киемін деп бас қатырып жатқан оқушы жоқ.
Мұндай өзекті мәселенің шиеленісіп кеткеніне тек ата-ана ғана емес, мектептің жүрегіне айналған ұстаздар да кінәлі. Неге десеңіздер, бұған да жауап беріп көрейік. Жақында бір мектепке оқушылардың қатысуымен өткен шараға бардым. Соңы мерекелік бағдарламаға ұласты. Шынын айту керек, өнерлерін ұялғанымнан әрең көрдім. Біздің алдымызға оқушылар емес, түңгі клубта өнер көрсететін қыздар шыққандай әсер алдық. Олардың үстіндегі бір елі көйлектеріне ұстаздар қауымы разы секілді. Оны қос қолдап шапалақ ұрған ықыластарынан аңғардық. Бұл азғындаудың бастамасы болса керек. Соңында білім бөлімінен келген маманға оқушы киімінің дәл білім ордасына сай еместігін айтқанымда ол бірден: «Енді өздері келісіп тіккен шығар. Ең бастысы, жарасып тұр ғой. Жарайды, басшылармен бұл туралы сөйлесемін» деп біздің пікірді жақтырыңқырамады. Бұл тақырыпты қозғады ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Сонда білдей бір білім бөлімінің қызметкері осындай жауап айтқанда, басқасынан не қайыр. Сонда жарасып тұр екен деп қысқа, ашық-шашық киімнің бәрін оқушылар үстіне іле берсе не болғанымыз? Міне, ақыл айтар ата-ананың, білімнен бірінші тәрбиеге мән беріп, жөн сілтер ұстаздың кейпі осындай…
Сұлушаш МАДИЯРОВА