Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиНовости зарубежья

«Күн сөнгенше біргеміз!»: Стамбұлдағы қазақтар 160 мың доллар көмек жинап берді

Стамбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жолдап жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның Стамбұлдағы Бас консулдығы, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер және жергілікті қазақ диаспорасы Түркияның алапат зілзала салдарынан зардап шеккен аймақтарына гуманитарлық көмек көрсету үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатыр.

Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ доллар болатын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. жиналды. Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жинақталды. Бас консул Әлім Байел бүкіл Қазақстан жұмылып бауырлас Түркияға қолдау көрсетіп жатқан сәтте бұл көмекке өз үлесін қосып жатқан Стамбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Казахстанцев в четверг ждут грозы, шквал и сильная жара

admin_altyalash

Мы хотим, чтобы молодёжь видела пример общения между духовными лидерами и принимала эти знания для продолжения диалога из поколения в поколение

admin_altyalash

В Жамбылской области проходит IV международный фестиваль «Тараз – город ремесленников»

admin_altyalash