«Сенгім келмейді…» – министр Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мирболат Құрмашевтің еңбегі туралы айтты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Маусым 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

«Сенгім келмейді…» – министр Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мирболат Құрмашевтің еңбегі туралы айтты

10.02.2023
0
«Сенгім келмейді…» – министр Бағдат Мусин Түркияда қаза тапқан Мирболат Құрмашевтің еңбегі туралы айтты

Түркиядағы жер сілкінісінен екі қазақстандық қаза тапты. Бірі – Әділ Қадырбеков, екіншісі – Мирболат Құрмашев.  Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Мирболат Құрмашевпен ЖОО-да бірге оқығанын айтып, естелігімен бөлісті. Мирболат Құрмашевтің еңбекқорлығы туралы Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады. 

«Соңғы үміт оты сөнді. Сенгім келмейді… Соңына дейін үміттеніп едік. Алайда Мирус бауырымыздан айырылып қалдық.

Мирус екеуіміз курстас болдық. Ол өте креативті еді, ауқымды дүниелер жасағысы келетін, тартымдылығының арқасында адамдарды ұйымдастыра алатын.

Дінге берік адам еді.

Мағжан «Астана хабты» құру бойынша алғашқы қадамдарын бастағанда ол көп көмектесті. Тегін, ешқандай келісімсіз. Қолынан келгенін істеп, Қазақстанның IT-саласын дамытуға үлесі мен көмегін қосты.

Қазақстанда оның бірнеше бизнес бастамалары болған, 2020 жылы мемлекеттің қатысуымен бір-екі жобаны іске асырғысы келді. Бірақ, Мемлекет басшысы мені министр етіп тағайындаған кезде ол жобалардан өз еркімен бас тартты.

Арамызда түсініспеушілік тудыратын жағдайларды болдырмау үшін мен идеяларымды шетелде жүзеге асырамын деген еді.

Мирус – жиһанкез, біраз жерде болды, бірақ тұрақтау үшін Түркияны таңдап, соңғы екі жыл негізінен сол жақта тұрып жатты. Президенттің Анкараға ресми сапарының алдындағы қазақстандық IT-мамандарының сол жаққа барғанын бәріңіз білетін шығарсыздар. Біз сол кезде оларды Стамбулдың бірнеше ірі IT-компаниясына апарған едік. Мирус осы іс-шараның негізгі ұйымдастырушысы болды. Біз оған «Астана хабтың» өкілі болуды ұсындық. Өйткені екі мемлекеттің хабтары мен мамандарын жақындастыратын адамның болуы маңызды еді.

Студенттік кезден де жақсы естеліктер көп. Иманды болсын. Жаның жәннаттан орын тапсын бауырым…», – деп жазды министр Бағдат Мусин.

Бүгін түнде жер сілкінісінен қираған үйдің астынан Мирболат Құрмашевтің мәйіті табылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Зейнетке шығуға өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Өскеменде оқушылар шұғыл қауіпсіз жерге көшірілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.