Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Түркияда 185 сағаттан кейін 10 жасар қыз құтқарылды

Түркия мен Сириядағы жойқын зілзаладан кейін қиранды астынан аман шыққандар саны сиреп барады. Соңғы мәліметтер бойынша,  Түркияда 185 сағаттан кейін 10 жасар қыз бала құтқарылды,—  деп хабарлайды turknws.

Еске салайық, аумақтарда ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталды. Магнитудасы 7,8-ге дейінгі дүмпулер Түркия мен Сирияда ғимараттардың жаппай қирауына әкеп соқты. Эпидорталық аймағында ені 200 метрге жететін жарық пайда болды.

Ресми мәліметтерге сәйкес, тек Түркияда 100 мыңнан астам ғимарат ішінара немесе толығымен қираған. Мыңдаған адам әлі де үйінді астында болуы мүмкін.

Ұқсас жаңалықтар

Путин Африкадағы 6 елге тегін астық жеткізетінін айтты

admin_altyalash

Түркиядағы зілзала: бесікте жатқан сәби 72 сағаттан соң үйіндінің астынан тірі табылды

admin_altyalash

Израильдегі әл-Ақса мешітінде қақтығыс болды

admin_altyalash