Алаяқ “брокерге” алданған атыраулық қазақстандықтарға үндеу тастады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Шілде 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Алаяқ “брокерге” алданған атыраулық қазақстандықтарға үндеу тастады

16.02.2023
0
Алаяқ “брокерге” алданған атыраулық қазақстандықтарға үндеу тастады

Алаяқтардың арбауына түскен атыраулық дәрігер бір сәтте үйінен айырылып қалды. Оған қоса, алаяқтардың нұсқауымен бірнеше банктен миллиондап несие алып, қарызға белшесінен батып отыр. Ол енді кезінде өзі емдеген пациенттері мен дос-жарандарынан көмек сұрауға мәжбүр.

Атырау облыстық туберкулезге қарсы кү­рес диспансері балалар бөлімінің меңгеру­шісі, фтизиатр-дәрігер Марат Шуақбаевтың есімі Атырау жұртына жақсы таныс. Әсіресе, 2020 жылы әлемді коронавирус жайлап, пандемия алқымнан алған кезде дәрігердің шарапатын көргендер көп. Талайды ажал тырнағынан арашалап қалғаны өз алдына, онлайн форматта атыраулықтарға дәрігерлік кеңес беріп отырды.

Алтын қолды дәрігер ойламаған жерде алаяқтардың арбауына түсіп қалған.

«Алаяқтардың арбауына еріп, екінші дең­гейлі банктерден аса ірі көлемде несие ресім­деп, оны олардың көрсеткен жеке адамдардың есепшотына аудардым. Тіпті, өз үйімді әлде­қайда арзан бағаға сатып, оның да ақшасын алаяқтарға аудардым. Олардың көрсеткен құжаттарына сеніп, отбасымның қарсылы­ғына да қарамадым. Қысқасы, көңілімде титтей де күдік болмады. Әрине, мұның бәріне өзім кінәлімін», – дейді Марат Шуақбаев.

Алаяқтардың көзі ашық, жоғары санатты маманды қалай тақырға отырғызып кеткені белгісіз. Олардың жымысқы ойын жүзеге асы­ру­дағы схемасы жайында құзырлы орган­дар да мардымды ақпарат берген жоқ.

Тағы бір атыраулық Гүлмира Галиахметова да осындай күйге түскен. Бала күтімімен үйде отырған ана онлайн режимде қосымша табыс табуды ойлап жүріп, алаяқтар құрған торға түсіп қалған.

«Балам екеуміз отағасының тапқан та­бысына қарап отырмыз. Сәбиіміз 1 жастан енді асты. Қарайтын адам болмағандықтан, жұ­мыс­қа шыға алмай отырмын. Амалсыз үйде оты­рып, қашықтан істейтін жұмыс істеп жүр­генімде Instagram желісінен бір жарнама­ны көзім шалды. Әрине, бұл істің артында алаяқ тұр-ау деген ой үш ұйықтасам да түсіме кірмеді. Өзін Гүлнара Даукеновамын деп таныстырған әйел брокер екен. Ол бір платформа арқылы табысты еселеуге бола­тынын айтты. Telegram мен Instagram да үлкен аудиториясы бар екен. Солар арқылы табысты болудың жолын үйреткені кәдім­гідей сенім ұялатты. Әрі әлеуметтік желідегі парақшасында күн сайын салымын еселеп алған жандардың алғыс айт­қан пос­тын жа­рия­лайды.

Ойлана келе мен де салым жасап көрдім», – дейді Гүлмира Галиахметова.

Алаяқтардың сөзіне сеніп, қыруар табыс­ты ойлаған кейіпкеріміз алғашында әлде­кімнің есепшотына 100 мың теңге жіберген екен. Бірақ брокер хабарласып, биржада 100 мың теңгенің пакетіне арналған орын қалмағанын, кемінде 400 мың теңге салуым керек екенін айтыпты. Гүлмира қарыздана жүріп, тиісті соманы брокер көрсеткен есепшотқа аударған. Осы сәттен бастап Гүл­нарадан тырс еткен жа­уап болмапты. Уәде етілген табыс та жайына қалған. Жолдасына үй алуға көмектесемін деп жүріп, керісінше қарызға батырып қойған ол амалсыз поли­цияға арызданған.

Кейіпкеріміз айтқан Telegram каналды біз де шалып шықтық. Күн сайын таңертеңнен қыруар қаржының есепшотына түс­кені туралы жарыса хабарлап, брокерге ағыл-тегіл алғыс айтқандарға қарап олардың тұтас командамен жұмыс істейтіні аңға­рылады. Адамның іші-бауырына кіріп кете­тін «ақылды» жазбалар шынымен де елітіп әкетеді.

Мамандар пандемиядан кейін онлайн алаяқ­тықтың түр-түрі пайда болып, оның ғалам­дық жылдамдықпен дамып жатқанын айтып, дабыл қағуда. Оның үстіне, карантин шектеулерінен кейін жұмыссыз қалғандар­дың көбі кез келген жолмен ақша табуды ойлай бастады. Бұл орайда алаяқтардың дәурені жүріп, олар түрлі схеманы іске асыра бастады. Өкініштісі, қарыздан құтылып, табысын еселеймін деп жүргендердің көбі олардың кезекті құрбанына айналып жатыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бас прокуратура Jusan-ды Қазақстанға қайтаруға әрекет жасап жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Сенаторлар оқушыларға жасалған шабуылдардың жиілеп кеткеніне алаңдаушылық білдірді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.