Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ОбществоПолитика

Өңірлерде табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің саны артып келеді – Мәулен Әшімбаев

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанның 12 өңірінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтындардың саны көбейіп келе жатқанын айтты. Inform.kz-тің жазуынша, елдің тұрмысы туралы «Тиімді өңірлік саясат – еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізі» тақырыбында өткен Парламенттік тыңдауда айтты.

Оның айтуынша, өңірлерді дамытудағы маңызды міндет – халықтың табысын арттыру.

«Тұрғындардың табысын арттыру – реформалар тиімділігінің басты көрсеткіші. «Әділетті Қазақстанның» басты міндеті – ұлттық табысты әділ бөлу. Бүгінде халықтың жартысы барлық кірістің үштен біріне ғана қол жеткізіп отыр. Халықтың шамамен 5%-ының табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейді. Өкінішке қарай, 12 өңірде кедейлер саны артқаны байқалып отыр. Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және тағы басқа да облыстарда ахуал осындай», – деді Мәулен Әшімбаев.

Ұқсас жаңалықтар

ОСТАЛОСЬ 50 ДНЕЙ ДО 5-Х ВСЕМИРНЫХ ИГР КОЧЕВНИКОВ!

admin_altyalash

НПК состоялись дебаты по проекту новой Конституции

admin_altyalash

Аида Балаева: Референдум – это не формальная процедура, а наиболее действенный механизм прямого участия народа

admin_altyalash