Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларына қарсы белсенді жұмысты жалғастырып келеді.
Қаржы мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі атап өткендей, өткен жылдың өзінде 29 қаржы пирамидасы жойылып, зардап шеккендерге 8,3 млрд теңгенің шығыны өтелген.
«Азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу үшін олардың қызметін жарнамалайтын 13 000 интернет сілтемелері мен аккаунттары бұғатталды. Қазірдің өзінде тартылған азаматтарға 19 000 ескерту жіберілді, бұл 15 000 азаматтың қауіпті аккаунтар жазылымынан бас тартуына ықпал етті», делінген ведомство хабарламасында.
Дегенмен азаматтардың өздеріне керемет табыс ұсынатын адамдарға сеніп, жинақтарын күмәнді схемаларға салуы тыйылмай тұр.