Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости зарубежья

Тәжікстанда 7 балдық жер сілкінісі болды

ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 23 ақпанда сағат 06.37-де (Алматы уақыты бойынша) Тәжікстан аумағында магнитудасы 7 балл болатын жер сілкінісін тіркеді. Әзірге опырылған ғимараттар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 шақырым жерде 20 шақырым тереңдікте орналасқан.

Оңтүстік астанада жер сілкінісі 2-3 балл көлемінде сезілді.
«Жағдай тұрақты. «112» және «101» желілеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ», деді Алматы ТЖД өкілі.

Ұқсас жаңалықтар

Визит А. Мамина в ОАЭ: пул новых совместных проектов превысит $6 млрд

admin_altyalash

Президент Узбекистана передал Президенту Казахстана ряд исторических документов

admin_altyalash