Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Ердоған зардап шеккен түркиялықтардан кешірім сұрады

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған жер сілкінісінен зардап шеккен тұрғындарға мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz  жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Эрдоған жер сілкінісі кезінде құтқарушылардың тез көмек көрсетуіне нашар ауа райы кедергі келтіргенін айтты.

«Біз іздеу-құтқару жұмыстарын ойлағандай жылдам жүргізе алмадық және сол үшін де кешірім сұраймын», деді президент.

6 ақпан күні болған жер сілкінісінен 50 мыңнан астам адам қаза тапқан.

Түркияда жер сілкінісі бірнеше мәрте қайталанды. Соңғы болған жер сілкінісінен 1 адам қаза тауып, 100-ден астам адам зардап шекті. Қазір Малатьяда құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Әлемдік банк 6 ақпандағы жер сілкінісі Түркияға 34 миллиард доллар көлемінде шығын келтіргенін хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайда жер сілкінісі орын алды

admin_altyalash

Рим Папасына ота жасалды

admin_altyalash

Польша сеймі сайлауы: Тізгінді кім ұстайды?

admin_altyalash