Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-сана­сында берік қалыптасқан достық, қайырым­дылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады.

Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер және еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілік танытуы және өзара қолдау көрсетуі аса маңызды.

Бүгінгі мейрамда адал еңбегі, жасампаздығы мен отаншылдығы үшін барша халқымызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Біз еліміздің ауызбіршілігін сақтай білсек, кез келген қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құрып, елімізді одан әрі өркендете береміз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Мұхтар Құл-Мұхаммедті қабылдады

admin_altyalash

Балаларға қандай жағдайда Ұлттық қордан ақша бөлінбейді?

admin_altyalash

Oi-Qaragai тау курортын дамыту жобасы бойынша инвестициялық келісім мақұлданды

admin_altyalash