Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Жанат Жахметова Энергетика вице-министрі лауазымынан босатылды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Жанат Зарубекқызы Жахметова берген өтінішіне сәйкес ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Жанат Жахметова 1986 жылы Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін және Абердин университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ сынақ зертханасының жетекші маманы болып бастады.

Әр жылдары ақпараттандыру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруға жетекшілік ететін орталық мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.

2014-2016 жылдары – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы.

2016-2020 жылдары – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары.

2020 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей

admin_altyalash

Год рабочих профессий: в Акмолинской области стартовал Республиканский слет молодежи

admin_altyalash

Анар Бурашева стала первой казахстанкой, покорившей все семь высочайших вершин каждого из континентов

admin_altyalash