Сенбі, Наурыз 25, 2023
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Руханият
  • Білім
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Руханият
  • Білім
  • Спорт
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Әлихан Смайылов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

02.03.2023
0
Әлихан Смайылов Қытайдың Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов ҚХР-дың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесу өткізді, – деп хабарлады ҚР Үкіметінің сайты.

Тараптар сауда-саттық, инвестициялар тарту, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, цифрлық технологиялар, трансшекаралық өзендерді пайдалану және т. б. салалардағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайылов

Премьер-Министр Қазақстанның жалпы тауар айналымының 18%-ын құрайтын Қытай еліміздің ірі сауда серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ҚХР мемлекетіміздің экономикасына инвестиция салатын ТОП-5 елдің қатарына кіреді.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов Қазақстан Үкіметі екі ел басшыларының 2030 жылға қарай өзара сауданы $35 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында белсенді түрде жұмыс жүргізуге дайын екенін атап өтті.

«Біздің елдеріміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу саласында айтарлықтай әлеуеті бар. Қазақстандық кәсіпорындар Қытайға азық-түлік тауарларының экспортын одан әрі арттырғысы келеді. Осыған байланысты сауда-саттыққа қатысты кедергілер мен шектеулерді әрі қарай алып тастау маңызды болып отыр», – деді Премьер-Министр.

Өз кезегінде Чжан Сяо қытайлық тараптың Қазақстаннан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға, теміржол тасымалы көлемін ұлғайтуға, IT сектордағы өңіраралық өзара іс-қимыл мен әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін білдірді.

Оның айтуынша, қазір  қазақстандық компанияларға Қытайдың ірі сауда платформаларына және жалпы ҚХР нарығына шығуға белсенді көмек көрсетілуде.

Әлихан Смайылов

«Біз экономикалық қарым-қатынастарымызды сапалы жаңа деңгейге шығару үшін зор әлеует бар деп санаймыз. Алдымызға жаңа, биік мақсаттар қоюымыз керек», – деді Чжан Сяо.

Кездесу барысында тараптар «Қорғас» ШЫХО-ның жұмысын қалпына келтіру, «Бақты-Покиту» автомобиль өткізу бекеті ауданында үшінші теміржол өткелін ашу, Транскаспий халықаралық ірі автомобиль жолдарын салу және машина жасау саласында жаңа өндірістерді құру мәселелерін қозғады.

Сонымен қатар таяу болашақта Астана мен Бейжің арасында аптасына үш рейс жиілігімен әуеқатынасын қалпына келтіру және азаматтардың өзара сапарлары кезіндегі рәсімдерді оңайлату жоспарланып отырғаны атап өтілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Балалық па, шалалық па?

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстандықтар 62 қызмет түрін онлайн ала алады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Атаулы әлеуметтік көмек: әр балаға қанша теңгеден беріледі?

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ПИТАК» ПҰЛ ТАБАТЫН ЖЕР МЕ, ӘЛДЕ…

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • ҚазҰУ-үздіктер қатарында

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Аймақ жаңалықтары
  • Жаһан жаңалықтары
  • Экономика
  • Саясат
  • Руханият
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Фотогалерея
  • Сұхбат

© 2021 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.