Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Бүгін – Қырғызстанда Мемлекеттік Ту күні

Бүгін Қырғызстан Республикасында Мемлекеттік Ту күні аталып өтіп жатыр.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қырғызстан халқын мерекемен құттықтап, ынтымағы жарасқан халқына бейбітшілік, бақ-береке, ашық аспан, жарқын болашақ тіледі.

Мемлекеттік Ту 1992 жылы 3 наурызда Қырғызстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен бекітілді. Мереке Қырғызстан Республикасы президентінің 2009 жылғы 10 маусымдағы «Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы» Жарлығымен белгіленіп, 2010 жылдың 3 наурызынан бастап жыл сайын тойланып келеді.

Оның авторлары Қырғызстанның белгілі сәулетшілері мен суретшілері Еділ Айдарбеков, Бекбосын Жайчыбеков, Сабыр Иптаров, Жүсіп Матаев және Маматбек Сыдықов.

Ұқсас жаңалықтар

Антиядролық ұстаным: Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы

admin_altyalash

Қор нарығында доллар қымбаттады

admin_altyalash

Мәскеу Халықаралық кино апталығында креативті индустрияны дамытудағы қазақстандық тәжірибе таныстырылды

admin_altyalash