Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Семіздікке шалдыққан балалар саны көбейіп барады

?????????????????????????????????????????????????????????

Дүниежүзілік «Семіздікке қарсы федерация» тиісті шаралар қабылданбаса, 2035 жылға қарай әлем халқының жартысынан астамы артық салмақтан зардап шегетінін ескертті.

«2035 жылға қарай артық салмағы бар адамдардың саны 4 миллиардтан асып кетуі мүмкін. Қазіргі кезде, әсіресе, балалар арасындағы көрсеткіштер тез өсіп жатыр», дейді федерация.

Ең үлкен өсім Африка мен Азия елдерінде байқалады.

Федерация президенті, профессор Луиза Баур баяндамасында балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік көрсеткішінің жылдам өсіп жатқанын айтты. Мәселен былтырғы көрсеткіш 2020 жылғы көрсеткіштен екі есе артқан.

«Бұл алаңдатарлық жағдай. Оның алдын алу үшін барлығын істеу керек», деді профессор Л. Баур.

Федерация мәліметінше, артық салмақты адамдар табысы төмен елдерде көп.

Ұқсас жаңалықтар

Парагвайдың жаңа президенті сайланды

admin_altyalash

Антиядролық ұстаным: Қазақстан – АҚШ ынтымақтастығы

admin_altyalash

Садыр Жапаров Қырғызстанда бұрынғы президенттерінің бәрінің басын қосты

admin_altyalash