Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Кәсіпкер анасына 1 500 тал роза сыйлап, кейін мұны тойға жиылған әйелдерге таратып берді

Кәсіпкер Әділет Байнашев анасының 60 жас мерейтойына 1 500 роза сыйлады. Ол бұл мерейтойға бір жыл бойы дайындалғанын жазды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кәсіпкер мұсылмандардың қасиетті кітабы – Құранның жер бетіне түскеніне 1 500 жыл толғанын, сол себепті анасының мерейтойына 1 500 тал роза сыйлағысы келетінін айтты.

Ол сонымен бірге анасына «үлкен қажылыққа» жолдама да алып берген.

«Анамның 60 жас мерей тойына 1 жыл бойы дайындалдым. Аллаға шүкір ойымнан да асып кетті. 2 жыл бұрын «кіші қажылыққа» барып келіп едіңіз, қабыл болсын, енді, «үлкен қажылыққа» сапарыңыз сәтті болсын! Сіз жанымызда жүрсеңіз бізде бәрі жақсы. Аман жүріңіз.

Аман болсақ, 70 жас мерей тойыңызда бұданда жоғары деңгейде, керемет қылып өткізіп береміз. Бұл тойда өзіңіз жақсы көретін Шахзода мен Юлдуз Османова бос болмай қалды. Сіз бізге дұға жасап жүре беріңіз, біз сізге қызмет жасап жүре берейік. Рақмет анашым», – деп жазды ол.

Тойдан қазақ эстрадасының белгілі әншілері Мейрамбек Бесбаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, Мәдина Сәдуақасова, Ернар Айдар, Нұрболат Абдуллин де жүр.

Желі қолданушылары «Анасын сыйлап жатқан баланы көру деген ғанибет қой!», «Анасы бар адамдар қартаймайды дейді, керісінше баласы жақсы ана қартаймайды!», «Қандай керемет идея, креатив» деп пікір жазып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию

admin_altyalash

В Павлодарской области нотариусы окажут содействие в борьбе с преступностью.

admin_altyalash

СТРОИТЕЛЬСТВО ДОМОВ ПОСЛЕ ПАВОДКОВ В АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ: МИНИСТР ПРИЕХАЛ С ПРОВЕРКОЙ В СЕЛО ВОЗНЕСЕНКА

admin_altyalash