Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Пирамида ішінен жасырын дәліз табылды

Египеттің көне жәдіргерлер өкілдігі үлкен пирамиданың кіреберісінде жасырын дәліз бар екенін растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дәліздің ұзындығы – 9 м, ені – 2,1 м.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл дәліз әлі ашылмаған пирамидаға апаруы мүмкін. Ал жасырын дәліз муография деп аталатын бейнелеу әдісі арқылы табылды.

.

«Біз жасырын дәлізді зерттеу үшін, дәліздің қайда апаратынын табу үшін сканерлеуді жалғастырамыз», деді Мысырдың көне мұралары Жоғарғы кеңесінің басшысы Мостафа Вазири.

.

Биіктігі 146 метр болатын ұлы пирамиданы перғауын Хуфу немесе Хеопс салған. Ол біздің дәуірімізге дейінгі 2609-2584 жылдар аралығында билік еткен.

Бұл пирамида ең көне және ең үлкен ескерткіштердің бірі болса да, оның қалай салынғаны туралы нақты мәлімет жоқ.

Ұқсас жаңалықтар

Ердоған зардап шеккен түркиялықтардан кешірім сұрады

admin_altyalash

Президент «Дордой Номад» мәдени орталығына барды

admin_altyalash

ҰҚК Сирияда соғысқан қазақстандықты ұстады

admin_altyalash