Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Синоптиктер 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, аптаның басында антициклон әсерінен жауын-шашын күтіледі.

«14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста, республиканың оңтүстік облыстарында атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен қар аралас жауын-шашын болады, оңтүстікте жаңбыр жауады», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.

Сонымен қатар Республикада тұман күтіледі, көктайғақ болып, кей жерлерде жел күшейеді.

Синоптиктердің мәліметінше, температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақы тазы – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан бірегей мәдени және тарихи мұра

admin_altyalash

2025 жылғы егін жинау науқанының барысы

admin_altyalash

Мәсімовтің аппеляциялық шағымы әлі сотқа жетпеген

admin_altyalash