Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҚоғам

Үшем дүниеге келді

Алматы облысының Қарасай ауданаралық көпбейінді ауруханасында дүние есігін ашқан үшем үйіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы перзентханада екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көпбалалы ана атанды.

Ақмаралды үйінде тағы үш бала күтіп отыр, үлкен ұлы 8 жаста.

Үшемнің үлкені Қаракөздің салмағы – 2460 гр, Садық – 2100 гр, Сыдық – 1820 гр.

photo

 

Қарасай ауданаралық көпбейінді ана мен бала денсаулығын сақтау ауруханасы директорының орынбасары Индира Кабаева әйелдің жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.

«Үшем жүктіліктің 36-шы аптасында дүниеге келді. Үшемге жүкті болғанда әрқашан ана мен сәбилерге қауіп төнеді. Сондықтан әйел бүкіл уақыт бойы бақылауда болды. Үшем кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Бүгінгі таңда олардың денсаулығы жақсы, жағдайы бірқалыпты», – деді Индира Кабаева.

Ұқсас жаңалықтар

Елена Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

admin_altyalash

Шетелдік нөмірлі көлікті заңдастыру үшін қанша теңге қажет?

admin_altyalash

Қызылордада балалар оңалту орталығы ашылды

admin_altyalash