Пәкістанның Белуджистан провинциясында толассыз нөсер жауын салдарынан болған су тасқынынан 10 адам қаза тапты.
Dawn газетінің хабарлауынша, жексенбіге қараған түні елдің Хуздар, Зоб және Аваран қалаларында қатты жаңбыр жауған.
Табиғи апат салдарынан 10 адам көз жұмды, оның 8-і бір отбасының мүшелері. Қаза тапқандардың арасында екі бала мен үш әйел бар.
Өңірдегі кейбір ғимараттар да зақымданды.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.