Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Түркиядағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды

Түркияда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттары депутаттарына дауыс беру үшін ашылған үш учаскенің жұмысы аяқталды.

Түркиядағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің жанынан жергілікті уақыт бойынша сағат 7:00-ден бастап №286, 255 және 296 сайлау учаскелері жұмыс істеді. Олар Анкара, Ыстанбұл және Анталья қалаларында орналасқан. Учаскелер жұмысы сағат 20:00-де аяқталды. Анкарадағы сайлау учаскесінде дауыс берушілердің көп болғаны айтылады.

Жалпы Түркиядағы қазақстандықтар белсенді түрде дауыс берді. Олардың көбі – студенттер, туристер, кәсіпкерлер, сондай-ақ дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдар өкілдері.

Сайлау учаскелерінде дауыс берушілер үшін барлық жағдай жасалды. Қашық аймақтардағы студенттер үшін автокөлік ұйымдастырылды. Ал денсаулығына байланысты учаскелерге бара алмаған қазақстандықтар үшін мобильді урналар ұсынылды.

Түрлі халықаралық ұйымдар өкілдерінен құралған тәуелсіз байқаушылардың бағалауынша, дауыс беру барысында ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.

Комиссия мүшелері дауыстарды санауға кірісті.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ-та Дональд Трамптың саясатына қарсы жаппай наразылық шеруі өтті

admin_altyalash

Конгода су тасқынынан 176 адам көз жұмды

admin_altyalash

Алматы мен Самарқанд арасында тікелей рейстер қайта ашылды

admin_altyalash