Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Өзбекстан пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады

Өзбекстан билігі қаңтар айында пияз экспортына салынған тыйымды алып тастады.

Өзбекстан Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 наурыздан бастап пияз экспортына қойылған уақытша шектеу үкіметтің шешімімен алынып тасталды. Мұндай шешім ішкі нарықтағы пияз бағасының тұрақтауына байланысты қабылданды.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанда бағаның күрт көтерілуінен кейін 1 қаңтардан бастап төрт айға пияз экспортына тыйым салынды.

Оған отын-энергетика кешенінде, логистика және өнімді тасымалдау жүйесінде үзілістерге әкелген қалыптан тыс суық себеп болды. Ол кезде пияздың табиғи шығыны 228 мың тоннаны құрады.

Ұқсас жаңалықтар

Сауд Арабиясы футбол трансферіне 19,7 млрд еуро бөлді

altyalash_kz

Руанданың әскері Конгоға басып кірді (ВИДЕО)

altyalash_kz

Түркия Президенті шұғыл жиын өткізді

altyalash_kz