Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Главная

Тоқаев екі елшіні қызметке тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірнеше елші қызметінен босатылды. Сондай-ақ екі елші қызметке тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Нұрбах Тұрарұлы Рүстемов Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Ерлік Шәкірұлы Әли Қазақстан Республикасының Румыниядағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымынан босатылды;

Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Свыше 90 тыс. казахстанцев с инвалидностью смогут с комфортом проголосовать на республиканском референдуме

admin_altyalash

Депутаты, эксперты и представители госорганов обсудили вопросы повышения привлекательности воинской службы

admin_altyalash

О подготовке к внедрению цифрового тенге рассказали Токаеву

admin_altyalash