“Айлығы 150 мың теңге…” Ұлы Абай Құнанбайұлының неменесі аула сыпырушы болып жұмыс істейді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Шілде 7, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

“Айлығы 150 мың теңге…” Ұлы Абай Құнанбайұлының неменесі аула сыпырушы болып жұмыс істейді

27.03.2023
0
“Айлығы 150 мың теңге…” Ұлы Абай Құнанбайұлының неменесі аула сыпырушы болып жұмыс істейді

Ұлы Абай Құнанбайұлының неменесі, яғни, бесінші ұрпағы Алматыда аула сыпырушы болып жүр. Бұл туралы ақын, публицист Жанарбек Әшімжан дабыл қақты.

Жанарбек Әшімжан Ұлы Абайдың ұрпағы жайлы жазбасын facebook-те жариялады. Онда адамзаттың ойшылы атанған ұлы бабамыздың ұрпағы осындай әлеуметтік тауқыметте жүргені ұлттығымызға, елдігімізге сын емес пе дейді.

“Кеңірек таныстық. Әңгімелестік. Қазақшаға шорқақтау екен. Асылдың сынығы, алтынның ұнтағы емес пе, болмысынан тектілік, зиялылық, ақсүйектік аңқып тұр. Көзінің оты бар. Ұлы бабасына келбеті де келетіндей. Жаман әдеттерден мүлде аулақ екенін айтты. Алматының “Арбатындағы” мәлім мейрамханалардың бірінде аула сыпырушы болып жұмыс істейді екен. Еңбекақысы 150 мың теңге. Осыны естігенде жанымыз жүдеп, көңіліміз алай-дүлей болып кетті”, –  деп жазады жазбасында.

Фото: Жанарбек Әшімжан

Айдос Ақылбаев 1967 жылы Алматы қаласында дүниеге келгенін, Украинаның әйгілі Кривой Рог қаласындағы Авиациялық училищеде оқығанын айтып берген. Оқу бітіргенде Кеңес одағы күйреген, сосын бұйырған жұмыстармен айналысыпты. Жалғыз қызы Александра осы күндері Саратов қаласында тұрады екен.

“Шежіре бойынша: Абай – Ақылбай – Әлімқұл – Бағфұр – Эрнест – Айдос. Яғни Айдос ағамыз Абай атамыздың неменесі болады. Һакім Абайдың сақталып қалған бейнесінің бірі – Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай және Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұлмен түскен тарихи фотосы. Сол Ақылбай Абайұлы – Айдостың тікелей атасы, фамилиясы да – Ақылбаев. Ақылбай Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өскен. Ұлы Абайдың соңғы тұяғы ғой. Данияр деген немере бауыры барын айтты, көп жылдардан бері байланыстары жоқ секілді. Еркек атаулыдан қалған осы екеуі ғана екен”, – дейді Жанарбек Әшімжан.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

2500-тен астам қылмыскерге іздеу салынған – Бас прокуратура

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан-Өзбекстан шекарасын шегендеу туралы заңға қол қойылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.