Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Келер жылы Семейде Үстел теннисі орталығы пайдалануға беріледі

Облыс әкімі Берік Уәли «Абайға құрмет» акциясы аясында Семей қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан Павлодар облысының тартуы – Үстел теннисі орталығының құрылысымен де танысты.

Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы 2580 шаршы метрді құрайды. Мұнда негізгі холл, медицина және күзет кабинеттері, спортшыларға арналған киім ауыстыру бөлмелері, жаттықтырушылар, төрешілер мен әкімшілік қызметкерлерге арналған кабинеттер, көрермендерге арналған трибуналар және өзге де қажетті үй-жайлар орналасады. Орталық 96 адамға арналған.

Қазіргі уақытта нысанда инженерлік желілерді тарту, жер жұмыстары аяқталған. Енді металл құрылымдарын орнату жұмысы басталады. Мердігерлердің айтуынша, құрылыс кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Нысан келесі жылы көктемде пайдалануға беріледі.

Ғимараттың құрылыс барысымен танысқан аймақ басшысы нысанның уақтылы әрі сапалы салынуы маңызды екенін атап өтті.

«Үстел теннисі орталығы – Павлодар облысының «Абайға құрмет» акциясы аясындағы өңірімізге тартуы, ерекше жобасы. Облысымызда үстел теннисіне қызығушылық өте жоғары. Бұл спорт түрімен шұғылданатын адамдар көп, олардың арасында халықаралық жарыстарда жүлделі орын алып жүрген спортшыларымыз бар. Сондықтан спортшыларымыздың шеберлігін шыңдап, жоғары нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін заманауи спорт кешенінің болуы өте маңызды. Осы қажеттілікті ескеріп, өңірімізге осындай тамаша нысанды салып жатқан Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа алғыс білдіреміз. Жалпы, бүгін құрылыс жұмысымен танысқан төрт нысанда да жұмыс қарқынды, бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қажетті инженерлік инфрақұрылым желілері қатар тартылып жатыр. Ерекше атап өтерлігі, бұл нысандар бірыңғай үлгіде, бір дизайндік кодпен, бір көшенің бойында орналасады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған акцияға атсалысып, Абай облысының дамуына үлес қосып жатқан барлық өңірге облыс жұртшылығы атынан шынайы ризашылығымды білдіремін», – деді Берік Уәли.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл 8 айда Қазақстан экспорты 16 пайызға артты – Нұрлан Әбдіров

admin_altyalash

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

admin_altyalash

600-ден астам адам әскери қызметтен кейін жеңілдікпен оқуға түсе алады – министрлік

admin_altyalash