Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЗаң мен тәртіп

Түркістан облысында 4 тоннаға жуық қоқысты заңсыз төккен бес тұрғын жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында аумақтың тазалығын сақтау және абаттандыру талаптарының бұзылуына жол бермеу бағытындағы рейдтік-профилактикалық шаралар жалғасып жатыр.

Мәселен, Созақ ауданында полиция қызметкерлері жүргізген рейд барысында тұрмыстық қалдықтарды арнайы белгіленбеген орындарға төккен 5 тұрғын анықталды. Заңсыз төгілген қоқыстың жалпы көлемі 4 тоннаға жуықтаған.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарды тіркеп, тұрғындарға тазалық талаптарын сақтау қажеттігін түсіндірді. Аталған фактілер бойынша әкімшілік шаралар көрілді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері құқық бұзған тұрғындарға қоқыс төгілген аумақтарды өз күштерімен тазалап, қалдықтарды белгіленген орындарға шығару керектігін айтты.

Полиция азаматтарды көшелер мен қоғамдық орындарды, тұрғын үйлердің айналасын ластамауға, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын арнайы белгіленген орындарға төгуге шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда көптен күткен «Стоп, ночь»фильмі көрерменге жол тартты

admin_altyalash

Мемлекет басшысы «БРИКС плюс» саммитіне қатысты

admin_altyalash

Үкімет 2029 жылға дейін Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс қимыл жоспарын бекітті

admin_altyalash