Банк саласының сарапшылары теңге бағамына әсер ететін факторлар ретінде мұнай мен шикізат бағасын, әлемдегі экономикалық және қаржылық жағдайды, соның ішінде елдің сауда әріптестеріндегі ахуалды айтады. Ал қаржылық реттеуші өкілдері отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қолдау арқылы нақты айырбас бағамына қол жеткізуді, ағымдағы шот бойынша теңгерімсіздіктің алдын алу және халықаралық резервтердің, соның ішінде алтын-валюта қорының төмендеуіне жол бермеу керек деген пікірде.
Алдын ала деректерге сәйкес Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 300 млн долларға төмендеп, ақпан соңында 57,4 млрд долларды құрады. Бұл ретте өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 273 млрд теңге аударылды
Биылғы ақпан айының қорытындысы бойынша әлемдік нарықтағы тәуекел дәрежесінің төмендеуіне қарамастан, теңгенің айырбастау бағамы нығайған. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың айтуынша, ақпанда әлемдік валюта нарығында АҚШ долларының әлсіреу үрдісі тоқтап, DXY индексі қаңтардағы құлдырауды толығымен өткеріп, бір айда 2,7%-ды құраған. Дамушы елдердің нарықтағы валюталар индексі 2%-ға әлсіреген. Ауыл шаруашылығынан өзге секторларда жұмыс істейтіндер санының едәуір ұлғаюы АҚШ-тағы инфляцияның орнықтылығы туралы қазынашылық облигациялар жөніндегі кірістіліктің өсуіне әсер еткен. Мұнай нарығы 1 баррель үшін 79,1 доллардан 86,9 долларға дейінгі аралықта көпбағытты динамиканы көрсеткен.
Сонымен қатар Қытайдағы мұнайға деген сұраныстың белгісіздігі мен АҚШ-та мұнай өнімдері қорының артуына байланысты әлемдік мұнай нарығында төмендеу үрдісі байқалуда. Онан соң, G7 елдерінің Ресей мұнайының бағасына жоғары шек белгілеу түріндегі санкциялық шаралар шеңберінде және Қытайдағы мұнайға сұраныс оң баға белгілеу құлдырауды ішінара қайтарды. Ақпанның қорытындысы бойынша баға 1 баррель үшін 83,9 долларға дейін, 0,7%-ға төмендеген.
«Теңге бағамына әсер ету немесе нарық қатысушыларына қандай да бір белгі беру мақсатында емес, теңгенің еркін өзгермелі бағамының режімі аясында транспаренттілікті одан әрі жақсарту мақсатында сату жөнінде болжамдар бергенімізді түсіну маңызды. Трансфертті қамтамасыз ету үшін біз Ұлттық қордан ай сайын сатуды жүзеге асырамыз. Шын мәнінде, наурызда көрсетілген 750-850 млн доллар көлеміндегі сату жоспары соңғы уақыттағы орташа айлық сатылымнан жоғары. Бұл наурыздың алғашқы күндерінде теңгенің нығаю себептерінің бірі болуы мүмкін. Алайда теңге бағамының ұсыныс факторымен ғана емес, сұраныс факторымен де айқындалатынын атап көрсету қажет. Ұлттық қордан конвертацияланатын қаражат бюджетке аударылып, экономикаға беріледі және оның бір бөлігі өсіп отырған импорттың көлемін қаржыландыруға жұмсалады. Тағы бір маңызды фактор – алтын бағасының төмендеуі болды. Ақпанда бағалы металдың баға белгілеуі бір унция үшін 1 905 доллардан 1 810 долларға дейін төмендеді. Алтын бағасы АҚШ-тың ФРЖ саясатына және АҚШ-тағы экономикалық жағдайдың негізгі статистикасына тәуелді болып тұр», деді төраға орынбасары.
Алдын ала деректерге сәйкес Ұлттық қордағы валюталық активтердің көлемі өткен айда 300 млн долларға төмендеп, ақпан соңында 57,4 млрд долларды құрады. Бұл ретте өткен айда Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт түрінде 273 млрд теңге аударылды. Осы мақсатта, бұрын айтылғандай, ішкі валюта нарығында 590 млн доллар көлемінде активтер сатылды.
Ақпанда тәуекел дәрежесінің төмендеуі акциялар мен облигацияларды қайта бағалауға, сондай-ақ алтын бағасының теріс динамикасына әсер етті. Сөйтіп, ақпанда Ұлттық қордың инвестициялық кірісі қаңтардағы 1,8 млрд доллары мөлшеріндегі оң мәннен кейін 1,1 млрд доллар болды. Ұлттық қор құрылғаннан бастап ақпанның соңына дейінгі орташа жылдық кіріс 3,06%-ды құрады. Ұлттық қордың активтерін қайта теріс бағалау Ұлттық қорға қомақты түсімдермен теңестірілді. Қорға валюталық түсімдер ақпанда 1,4 млрд долларды құраған. Ақпан айында АҚШ-тағы инфляция мен экономикалық белсенділік бойынша жаңа статистика қаржы нарығындағы трендті өзгертті.
Жаһандық инвесторлар АҚШ-тың Федералды резерв жүйесі мөлшерлемелерінің одан әрі траекториясы бойынша күтулерді түзетеді, бұл ақпан айында доллардың теріс тәуекел сентиментіне және нығаюына әкелді. Федералды қорлардың мөлшерлемесіне фьючерстік баға белгілеулеріне сәйкес, наурыз айындағы отырыста мөлшерлемелердің 42 базистік тармаққа жоғарылауын белгілейді. 25 базистік тармақтың стандартты қадамын ескере отырып, бұл күтулер реттеуші мөлшерлемелердің өсу қарқынын жеделдете ме, жоқ па деген нарық қатысушыларының белгісіздігін көрсетеді. Сөйтіп, кейбір сарапшылар алдағы айларда қаржы нарығындағы құбылмалылықтың басым болуын болжайды, бұл тәуекелді активтерге, соның ішінде дамушы нарықтардың валюталарына қысым көрсетуі мүмкін.
Жалпы, ұзақмерзімді болашақта АҚШ долларының позициясы әлсірейді деген үміт сақталады, өйткені АҚШ-тың ФРЖ ставкаларының өсуі тоқтап, әлемдік экономика қалыпты ырғағына қайта түсуі мүмкін.
Осы айда нарық қатысушылары ФРЖ отырысына назар аударады. Реттеушінің шешімі ФРЖ мүшелерінің түсініктемелерімен қатар, қаржы нарығындағы одан әрі конъюнктураға да байланысты болады. Егер экономикалық деректер экономиканың күші мен тұрақтылығын одан әрі дәлелдейтін болса, ФРЖ пайыздық мөлшерлеме бойынша болжамдарын (dot plot) қайта қарауы мүмкін, бұл инвесторларды мөлшерлемелердің өсу циклін аяқтауға қатысты күтулерді қайта қарауға итермелейді, өйткені мақсатты инфляцияға қол жеткізу бұрын болжанғаннан ұзағырақ болуы мүмкін.
Сарапшылар мұнай нарығындағы баға белгілеудің болашағына оптимистік көзқараспен қарайды. Bloomberg экономистерінің консенсусы 1 баррель үшін орташа есеппен 87,4 долларын құрайтын «қара алтынның» жоғары бағасы сақталады деп болжайды.