Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы Мәжіліс төрағасын сайлады

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Парламент Мәжілісінің төрағасы қызметіне Ерлан Жақанұлы Қошановты бірауыздан сайлады.

«Мен «АМАNАТ» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың кандидатурасын ұсынамын. Ерлан Жақанұлы өңірлерде жұмыс істеп, өзін кәсіби мемлекеттік қызметкер ретінде көрсетті. Ол бірінші шақырылымдағы Сенат депутаты, Қарағанды ​​облысының әкімі, Президент Әкімшілігінің басшысы, сонымен қатар VII Мәжіліс төрағасы, «АМАNАТ» партиясының төрағасы болды», деді Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Отырыс барысында бір ғана кандидат ұсынылды.

Сондай-ақ депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасына жасырын дауыс беруге арналған бюллетень беру туралы қаулы қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлерде табысы күнкөрісіне жетпейтіндердің саны артып келеді – Мәулен Әшімбаев

admin_altyalash

Президент Конституциялық Соттың 2023 жылы атқарған жұмысына баға берді

admin_altyalash

Қорғаныс министрі қайта тағайындалды

admin_altyalash